Accessibility links

"Бейкер Хьюз" Ресей, Қазақстан және Өзбекстан ресми өкілдеріне пара бергенін сотта мойындады


Америкалық "Бейкер Хьюз" компаниясының ісі АҚШ Федералды сотында қаралды, мұнай саласында қызмет ететін компания Ресей, Қазақстан және Өзбекстан ресми өкілдеріне жылдар бойы пара бергенін мойындады. Оның ішінде қазақстандық ресми тұлғаларға 4 миллион 100 мың доллар пара төленген. Дәл осы жағдай бойынша қылмыстық айып тағылды, қалған жағдайлар азаматтық заңды бұзу деп танылды. Пара алған ресми тұлғалардың аты-жөндері жарияланбады. "Бейкер Хьюз" компаниясы АҚШ құнды қағаздар комиссиясына 44 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті.
XS
SM
MD
LG