Accessibility links

Израиль сарбаздары үш палестиндікті өлтірді


Палестиналық дәрігерлердің айтуынша, Газа мен Израиль арасындағы қауіпсіздік бөгеті жанында Израиль сарбаздары үш палестиндікті атып өлтіріп, төртіншісін жаралаған. Израиль жағы ол палестиналықтар бомба орнатпақшы болған еді дейді. Соңғы 5-айда Газа соғысушылары мен Израиль арасында атыс тоқтап қалған болатын, бірақ осыдан бір апта бұрын Израиль күштері 9 палестиндікті өлтірген соң, Хамас соғысушылары Газадан Израилге қарай зымырандарын атқылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG