Accessibility links

Перуез Мұшарраф Сребреница зұлматының құрбандарына тағзым етті


Пәкістан президенті Перуез Мұшарраф 1995 жылы болған Сребреница зұлматының құрбандарына тағзым етті. Перуез Мұшарраф кеше Босния сапарын аяқтады, Потоцари қаласында орналасқан зиратқа атбасын тіреді. Мұнда Сребреница зұлматының құрбандары жерленген. Серб партизандары 1995 жылы Сребреница ауылында сегіз мың мұсылман ер азаматын және кәмелетке жетпеген ер балаларды өлтірген болатын. Пәкістан президенті ескерткішке гүл шоқтарын қойды, Құран оқыды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG