Accessibility links

Виктор Ющенко парламент сайлауы қайткенде де мерзімінен бұрын өтеді деді


Украина президенті Виктор Ющенко парламент сайлауы қайткенде де мерзімінен бұрын өтеді, маусым айында өтеді деп мәлімдеді. Ющенко бұл сөзін кеше Киевте өз жақтастарының митингісінде айтты. Ющенко митингке бұрынғы бас министр Юлия Тимошенкомен бірге келді. Ющенконың қарсыласы бас министр Виктор Янукович сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге келісермін, бірақ алдымен келіссөз өткізіп алуым керек деді. Парламентті тарату мәселесі сәуір айынан бері талас туғызып келеді. Президент Ющенко сайлаудың жаңа мерзімін 24 маусымға белгіледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG