Accessibility links

Пәкістанда бомба жарылысынан кемінде 26 адам қаза тапты


Пәкістанның Чарсадда қаласында бомба жарылысынан кемінде 26 адам қаза тапты, 20 адам жарақат алды. Бірнеше адам хал үстінде. Жанкешті бомба шабуылын кеше бұқара жиыны өтіп жатқанда атқарды. Ішкі істер министрі Афтаб Хан Шерпао және оның ұлы да жарақат алды. Министр жағдайым тәуір, шамалы ғана зардап шектім деп мәлімдеді. Министрдің екі оққағары шабуылдың алдын алмақ болды, алайда өздері де қаза тапты делінеді. Полиция шабуылды ауған азаматы атқарған сияқты дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG