Accessibility links

Ирақта бомба шабуылдарынан адам шығыны жалғаса түсті


Кербала қаласында кеше кемінде 58 адам қаза тапты, 170 адам жарақат алды. Шабуыл шииттердің қасиетті мекенінде, Имам Аббас және Имам Хұсейннің кесенелерінің жанында жасалды. АҚШ әскері "Әл Қаида" жақтастарына қарсы операция өткізді, 17 күдікті азамат қамауға алынды. Америкалық ұшқыштар Әл-Фаллуджа қаласының маңында жарылғыш заттар тиеген жүк мәшинесін жойды. Хит қаласында жанкештінің бомба шабуылынан 15 адам қаза тапты. Бағдадта жеке қақтығыстарда 13 Ирақ азаматы өлтірілді. Жұма және сенбі күндері Ирақта тоғыз америкалық сарбаз қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG