Accessibility links

Иран Мысырдағы Ирақ конференциясына қатысатын болды


Бүгін Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Ирақ премьер-министрі Нури әл-Маликимен телефон арқылы сөйлесіп, алдағы аптада Мысырда өтетін Ирақ қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференцияға Теһран қатысады деп хабарлады. Әл-Маликидің кеңсесі бұл туралы Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Қызметі Кеңесінің өкілі Әли Ларижанидің Бағдадқа сапарының алдында жариялады. Мамырдың 3-і мен 4-і аралығында Мысырда өтетін жиынға Ирақтың көрші елдері мен Мысыр, Бахрэйн және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің өкілдері қатысады. Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари бүгін “Рейтерс” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында конференция барысында Иран мен АҚШ арасында екі жақты келіссөздің болуы өте ықтимал деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG