Accessibility links

Вашингтонда АҚШ пен Еуропа Кеңесі басшыларының келіссөзі өтеді


ВАШИНГТОН: Германияның федералдық канцлері А.Меркель АҚШ пен Еуропа Одағы басшыларының келіссөзіне қатысу үшін Вашингтонға ұшып шықты. Бұл келіссөздің күн тәртібіне Брюссель мен Вашингтонның сауда қатынасындағы кейбір бөгетті жою және ғаламдық ауа райының құбылуына қарсы күрес мәселелері қойылған. Еуропа Кеңесінің қазіргі төрағасы ретінде неміс канцлері екі жақтың ережелері мен стандарттарын жақындатуды көздейтін “жаңа трансатлантикалық экономикалық әріптестікті” ұсынып отыр. Сондай-ақ Меркель ханым мен Дж.Буш Косово өлкесі мен Ауғанстан сынды аймақтық проблемаларды талқылап, қуат көздері мен ғаламдық ауа райын қорғау туралы бірлескен мәлімдемеге қол қоюға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG