Accessibility links

Ирақта қаза болған ағылшын жауынгерлерінің қатары 146-ға жетті


ӘЛ-БАСРА: Кеше кешкісін Ирақтың Әл-Басра қаласында автокөлікке орнатылған бомба жарылып, 5 адам құрбан болды, тағы 10 кісі жараланды. Полиция тағы 2 жарылғыш қондырғыны залалсыздандырғанын хабарлады. Кеше, сондай-ақ, Ирақта тағы бір британ жауынгері қаза тапты. Ұлыбританияның қорғаныс министрлігі хабарлағандай, ол жауынгер көшені күзетіп жүрген кезде болған атыста оққа ұшты. Бұл – АҚШ пен Ұлыбритания күштері Ираққа басып кірген 2003-інші жылдан бері құрбан болған 146-ншы британ жауынгері.
XS
SM
MD
LG