Accessibility links

Иран мен Ирақ экономикалық ынтымақтасу мәселелерін талдау үстінде


БАҒДАД: Кеше Иранның Ұлттық Қауіпсіздігі бойынша Жоғарғы Кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Бағдадта Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликимен кездесіп, келіссөз өткізді. Оның барысында екі көрші елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы мәселелері мен Ираннан Ираққа отын жеткізу мүмкіндігі талқыланды. Иранның мемлекеттік баспасөз құралдары хабарлағандай, Ираққа Лариджанидің келетін болған соң, кеше Ирақтың вице-премьері Бархам Салих Теһранға бармақ болған жоспарынан бас тартты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG