Accessibility links

Ресей делегациясы Эстонияға барады


Ресей парламенті төменгі палатасының заңшығарушылары бүгін Эстонияға келеді деп күтілуде. Өткен аптада Таллинндегі Совет әскері ескерткішінің басқа жерге көшірілуіне байланысты орын алған қақтығыста бір орыс азаматы қаза тауып, шамамен 150 адам жараланған болатын. Ресей делегациясы Эстония ресмилерімен және ескерткіштің көшірілуіне наразы болған адамдармен кездеспекші. Делегация басшысы депутат Николай Ковалев Эстониядағы оқиғаны “Ресейге қарсы арандатушылық әрекет” деп атап, бұл мәселеге байланысты Ресей парламенті мықты бағыт ұстанатын болады деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG