Accessibility links

Коалицияның айтуынша, Ауғанстанда 136 талибандық өлтірілген


АҚШ жетекшілігіндегі коалиция күштері мен Ауған жауынгерлерінің айтуынша, Ауғанстан батысындағы Херат өлкесінде кемінде 136 талибандық соғысушы өлтірілген. 87 талибан соғысушысы жексенбі күні Шинданд ауданындағы шайқаста қаза тапқан. Ал оның алдында дәл сол аймақта 49 талибандық өлтірілген еді, дейді коалиция күштері. Бүгін мыңға жуық ауған азаматы Шиндандағы үкімет ғимаратында жиналып, коалиция мен Ауған күштерін қақтығыста қарапайым халықты өлтірді деп айыптады. Бірақ коалицияның айтуынша, ешқандай қарапайым тұрғын құрбан болмаған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG