Accessibility links

Ауғанстан мен Пәкістан президенттері лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасуға келісті


Ауғанстан мен Пәкістан президенттері бүгін Анкарада келіссөз өткізіп, лаңкестікке қарсы күресте ынтымақтасуға келісті. Ауған президенті Хамид Карзай Пәкістанды соғысушылардың Ауғанстанға кірулерін тоқтату үшін жеткілікті дәрежеде жұмыс атқармай отыр деп айыптады. Бірақ Пәкістан президенті Первез Мушарраф бұл айыптауларды жоққа шығарып, Пәкістан 70 мыңға жуық әскерін Ауғанстанмен шекаралас аймақтарына орналастырды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG