Accessibility links

АҚШ президенті әуеге жайылатын улы газды азайтуға тағы да көнбеді


ВАШИНГТОН: АҚШ пен Еуропа Одағының лидерлері ұшақпен сапар шегуді жеңілдету және бюрократиялық кедергілерді азайту туралы келісімге қол қойды. Сонымен қатар осы күні Еуроодаққа төрағалық ететін Германияның канцлері А.Меркельдің АҚШ президенті Дж.Бушпен арадағы келіссөзінен кейін Еуропа Комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу ғаламдық ауа райының құбылуы проблемасы бойынша Вашингтонмен арадағы келіссөзде ілгерілеудің болғанын хабарлады. Алайда Дж.Буш әуеге жайылатын көмір қышқыл газды азайтуға шақырған Еуроодақтың үндеуіне көнбеді.
XS
SM
MD
LG