Accessibility links

Дж.Буш радар жүйесін Еуропаға неліктен орналастыратынын В.Путинге дұрыстап түсіндірмекші


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Вашингтонның зымырандық соққыдан қорғану жүйесін Еуропаға орналастыру жоспарына деген Ресейдің күдігін сейілту үшін Мәскеумен арадағы келіссөзін кеңейтпекші. Еуропа Одағы лидерлерімен Вашингтонда болып өткен кездесуінен соң Дж.Буш ондай қадамға осы күні Еуроодаққа төрағалық ететін Германияның канцлері Ангела Меркельдің табанды түрде өтінуімен баратынын хабарлады. Осы өтініш бойынша Дж.Буш АҚШ-тың радар жүйесін неліктен Еуропаға орналастыратынын Ресей президенті В.Путинге дұрыстап түсіндіріп көрмекші.
XS
SM
MD
LG