Accessibility links

Ресей делегациясы Эстония үкіметін биліктен кетуге шақырды


Ресей делегациясының сапарынан кейін Эстония мен Ресей арасында Таллиндегі ескерткішке байланысты шыққан дау одан сайын күшейе түсті. Дүйсенбі күні Таллиннге келген Ресей заң шығарушылары Эстония үкіметін отставкаға кетуге шақырды. Эстония Сыртқы істер министрлігі Ресей делегациясын ресмилермен жоспарланған кездесулерді менсінбеді деп айыптады. Өткен аптада Таллинндегі Совет әскері ескерткішінің басқа жерге көшірілуіне байланысты орын алған қақтығыста бір орыс азаматы қаза тапқан болатын. Кеше ол ескерткіш Таллиндегі әскери зиратқа қайта қойылды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG