Accessibility links

Өзбекстан соты журналистке 7-жыл түрме жазасын шығарды


Өзбекстандағы сот тәуелсіз журналист Умида Ниязованы 7 жыл мерзімге түрме жазасына кесті. Ниязоваға «шекарадан заңсыз өтті, контрабандамен айналысты және қоғамдық тәртіпті бұзатын материалдарды таратты» деген айыптар тағылды. Журналист Умида Ниязова сот үкіміне байланысты 10 күн ішінде шағымданса болады. Ниязоваға байланысты сот ісі сәуірдің 19-ы күні басталған болатын. Адам хұқын қорғаушылар Ниязоваға тағылған айыптардың саяси астары бар дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG