Accessibility links

Еуропа Комиссиясы Түркияда сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді қолдаймыз деді


Түркияның билеуші партиясы парламентке қайырылып, жалпы сайлауды мерзімінен бұрын, 24 маусымда өткізуді ұсынды. "Әділет және даму" партиясы президент бұдан былай парламентте емес, жалпы сайлау арқылы сайлансын, президент мерзімі жеті жылдан бес жылға түссін дейді. Ұсыныс кіргізген бас министр Режеп Тайып Ердоған ел билігі исламшыл бағытқа бұрылып жатыр деп сын айтатын зайырлы саясаткерлерге осылайша жауап қатты. Президентікке ұсынылған сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл ертеректе ислам саяси қозғалысына қатысқан, бұл оппозицияның сынына ілігіп отыр. Еуропа Одағының кеңею мәселесі бойынша үйлестірушісі Олли Рейн Түркия әскері елдегі саяси дағдарысқа араласпаса жөн деп мәлімдеді. Еуропа Комиссиясы сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді қолдаймыз деді.
XS
SM
MD
LG