Accessibility links

Ирақтағы АҚШ әскері астыртын террористік ұйымның 2 мүшесін қолға түсірді


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ армиясының хабарлауынша, Бағдадтың шийттер тұратын Садр-Сити ауданына Ираннан контрабандалық жолмен қару-жарақ және қопарғыш жеткізіп тұрған 2 Ирақ тұрғыны қолға түсті. АҚШ армиясының хабарына сәйкес, таңғы тінту операциясы кезінде ұсталған осы 2 адамға астыртын террористік ұйымның мүшелері болар деген күдік түсіп отыр. АҚШ армиясы бұл ұйым Ираннан Ираққа қару-жарақ жеткізумен қатар, Иранда Ирақ көтерілісшілерін жаттықтырумен шұғылданады деп есептейді. Ресми Вашингтон Ирақтағы бүлікті қолдайды деп Иранды айыптап келеді.
XS
SM
MD
LG