Accessibility links

БҰҰ-ында Косовоның мәртебесі бойынша АҚШ пен Ресейдің теке-тіресі жалғасты


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдырмауға тиіс. АҚШ-тың Ұлттар Ұйымындағы өкілі Залмай Халилзад осылай деп мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Косово албандары мен Сербия арасындағы тығырыққа тірелген келіссөзді жалғастыруды талап еткен Ресейдің елшісі Виталий Чуркинге қарсы айтылды. БҰҰ-ының арнаулы өкілі Мартти Ахтисаари Косовоға тәуелсіздік беруді ұсынса, Мәскеудің қолдауына сүйенген Сербия оған тәуелсіздік беруге түбегейлі қарсы.
XS
SM
MD
LG