Accessibility links

НАТО Ресейден “Вена конвенциясы” бойынша міндеттерін орындауға шақырады


БРЮССЕЛЬ: Бүгін НАТО одағы Мәскеудегі эстон дипломаттарының өміріне қауіп-қатердің төнуіне “зор алаңдаушылық білдіретін” мәлімдеме жасады. Құжатта Дипломатиялық қарым-қатынас жөніндегі Вена конвенциясына сәйкес Ресейдің өз міндеттемелерін орындауға тиіс екені айтылып, ресми Мәскеуден дипломаттарға төнген қауіпті дереу жоюын талап етеді. Сонымен қатар НАТО одағы Таллинндегі совет жауынгерлеріне қойылған ескерткіштің басқа жерге көшірілуін шыққан теке-тіресті екі елдің дипломатиялық жолмен шешуге болатынын ескертеді.
XS
SM
MD
LG