Accessibility links

Грузия қарулы күштерінің бюджеті 2 есеге дерлік ұлғайтылады


ТБИЛИСИ: Грузия парламенті ұлттық армияның 2007-нші жылға арналған шығындарын күрт өсіретін заң жобасын әзірлеу үстінде. Жоба бойынша қорғаныс министрлігінің биылғы бюджетін бастапқы көлемінен 2 есеге дерлік – 560 млн. долларға дейін көтеру көзделіп отыр. Жобаны әзірлеушілердің мәлімдеуінше, қосымша қаржы Грузияның НАТО-ға қабылдануын жеделдетуге көмек болатындай әскери реформаларды жүзеге асыру үшін қажет.
XS
SM
MD
LG