Accessibility links

К.Райс Сирияның сыртқы істер министрімен кездесті, кезекте Иран министрі тұр


ШАРМ ӘШ-ШАЙХ: Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Сирияның сыртқы істер министрі Уалид Әл-Муаллиммен кездесті. Бұл – 2 елдің көп жылдан бері осындай жоғарғы дәрежедегі сирек кездесуінің бірі. Ресми Вашингтон Сирияны Ливан мен Ирақтағы экстремизмді қолдап отыр деп айыптап келеді. Райс ханым мен Әл-Муаллим Ирақтағы ахуалға байланысты Мысырдың Шарм Әш-Шайх курортында бүгін басталған 2 күндік конференцияның сыртында кездесті. Осы форумның барысында К.Райс Иранның сыртқы істер министрі М.Моттақимен де кездесуі мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG