Accessibility links

Ереванда мыңдаған адам шеруге қатысты


Армения астанасы Ереванда парламенттік сайлаулар қарсаңында мыңдаған оппозиция қолдаушылары шеруге шықты. Наразылық танытушылар алдағы сайлаулардың бұрмалануына қарсы ескертулер жасады және президент Роберт Кочарянға импичмент жариялауға шақырды. Полицияның хабарлауынша, шеруге 5 мыңға жуық адам қатысқан, ал ұйымдастырушылар наразылық шарасына 13 мың адам жиналды дейді. Армениядағы парламенттік сайлаулар мамырдың 12-сі күні өтеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG