Accessibility links

АҚШ-тың айтуынша, параға қатысты шығар делінген ақша Қазақстанға көмектесу үшін жұмсалмақ


АҚШ Федералды юристінің айтуынша, мұнай келісім-шарттарына байланысты Қазақстан ресмилеріне пара ретінде беруге бағытталмақшы болған шығар делінген 84 миллион АҚШ долларын Қазақстан елдегі кедей балаларға көмектесу үшін және тағы басқа бағдарламаларға жұмсауға келіскен. Бұл хабарды АҚШ адвокаты Майкл Гарсия жариялады. Бұл іс АҚШ прокурорлары тарапынан айыпталып отырған Американдық бизнесменге қатысты деп хабарланды. Ассошиэйтед Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлгі ақша АҚШ өтінішімен Швейцария банктерінде тұмшаланған. АҚШ прокурорларының айтуынша, Қазақстан үкіметі параға байланысты айыптарды мойындаудан бас тартқан, бірақ 84 миллион доллар елдің пайдасы мақсатында жұмсалса болады деген.
XS
SM
MD
LG