Accessibility links

Украина президенті мен премьер-министрі кезектен тыс парламент сайлауларын өткізуге келісті


Украина президенті мен премьер-министрі кезектен тыс парламент сайлауларын өткізуге келіскендерін хабарлады. Президент Виктор Ющенко журналистердің алдында сөйлеген сөзінде сайлау алдағы екі айдың ішінде өтуі мүмкін деп мәлімдеді. Осыдан бір ай бұрын президент Ющенко парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлаулар өткізу жөнінде жарлық шығарған соң елде саяси дағдарыс басталған болатын. Премьер-министр Виктор Янукович пен депутаттардың көбі президент жарлығына бағынбастан, парламенттік сайлаулармен бірге президент сайлауын да кезектен тыс өткізуге шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG