Accessibility links

Украинада парламент сайлауын өткізу бойынша жұмыс тобы құрылды


Жұмыс тобы мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізу жөніндегі келісімді жүзеге асыру жолдарын белгілейді. Топ құрамына президент Ющенконың, премьер-министр Януковичтің, сонымен қатар парламенттің өкілдері енгізілді. Жұмыс тобы сайлауды қай күні өткізу және қандай заңдар қабылдау турасында өз ұсыныстарын алдағы дүйсенбі күні беретін болады. Виктор Ющенко мен Виктор Янукович жұма күні мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөнінде келісімге келіп, елде қалыптасқан саяси дағдарысқа нүкте қойған болатын.
XS
SM
MD
LG