Accessibility links

Франция азаматтары жаңа президентті сайлауда


Франция сайлаушылары Жак Ширактың орнына жаңа президентті таңдау үшін дауыс беруде. Жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, консервативті бағыттағы Николя Саркози өзінің бақталасы социалист Сеголен Руаялдің алдында келеді. Саркози Францияның экономикасын көтеру үшін елдегі еңбек кодексін өзгертемін деп уәде берді. Ал Руаял әйел президент болып сайланса елде радикалды өзгеріс жасалады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Саркози жеңіске жетсе онда елде толқулар болуы мүмкін. Саркози Руаяльдің бұл мәлімдемесін айыптады. Франциядан тыс тұратын бір миллионға жуық француз азаматы сенбі күні дауыс берді.
XS
SM
MD
LG