Accessibility links

Арменияда мыңдаған адам оппозициялық шеруге қатысты


Арменияда 6 мыңға жуық адам оппозициялық партияға қолдау көрсету үшін Ереван орталығында шеру өткізді. Осы аптаның аяғында бұл елде парламенттік сайлаулар өтеді. Оринац Екир, яғни “Заң бойынша басқарылатын ел” деп аталатын оппозициялық партия президент Роберт Кочаряннің үкіметін парақорлықта айыптап, егер билік сенбі күнгі сайлау нәтижесін бұрмаласа елде жаппай наразылық шарасын өткізетінін хабарлады. Оринац Екир партиясы Ресейшіл сыртқы саясат пен демократиялық реформалардың барысына қанағаттанбай, өткен жылы биліктегі коалиция құрамынан шыққан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG