Accessibility links

Иран ядролық конференцияның күн тәртібіндегі өзгертулермен келісті


Иран БҰҰ-ың ядролық қаруды таратпау жөніндегі конференциясының күн тәртібін үлгілендіруге келісім бере отырып, бас қосуды дағдарыстан шығарып, ядролық ережелер туралы талқылауларға есік ашты десе болады. 30 сәуір күні басталған бас қосуда АҚШ Иранды ядролық қаруды жасырын дамытып жатыр, күн тәртібінің баптарына наразы деп айыптай келе, Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім шарттарын толық мойындауға шақырғаннан кейін бұл екі апталық конференцияның жұмысы тұйыққа тірелген болатын.
XS
SM
MD
LG