Accessibility links

Шығыс Тимордағы президент сайлауына 2 үміткер түсіп жатыр


ДИЛИ: Бүгін Шығыс Тиморда президент сайлауы өтеді. Бұл елде 500 мыңға жық халықтың дауыс беруге құқы бар. Сайлауда бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Хосе Рамос-Хорта мен Индонезияның үстемдігіне қарсы ұзақ жылдар бойы джунглиде партизандық күрес жүргізген Франциско “Лю-Оло” Гутеррес дауысқа түсіп жатыр. Ширек ғасырдай Индонезияның аяусыз езгісінде болған Шығыс Тимор – 1999-ыншы жылы тәуелсіздігін алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG