Accessibility links

Ауғанстан үкіметі тәліптермен келіссөз өткізбекші


КАБУЛ: Ауғанстан парламентінің жоғарғы палатасы – Сенат - Талибан қозғалысының ауғандық жасақтарын ресми билік жағына тарту үшін олармен келіссөз өткізу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл заң жобасында, сонымен қатар, егер халықаралық күштердің өздеріне қарсы тікелей шабуыл жасалмаған жағдайда, олардың соғыс операцияларын тоқтату мәселесі қарастырылған. Ауғанстандағы АҚШ армиясының өкілі осы жобаға Сенатта дауыс берілгенін білсе де, бірақ қандай нәтижемен аяқталғанынан бейхабар болғанын мәлімдеді. Бұл заң әлі ауған парламентінің төменгі палатасында мақұлданып, президент Х.Қарзай қол қоюға тиіс.
XS
SM
MD
LG