Accessibility links

Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қатары таяу болашақта кеми қоймайды


ВАШИНГТОН: Таяу болашақта Ауғанстандағы АҚШ әскерінің қатары шамамен 25 мың жауынгерді құрайтын болады. Кеше АҚШ-тың қорғаныс министрлігі осылай деп мәлімдеді. Министрліктің мәліметі бойынша, қазір де Ауғанстанда АҚШ-тың осыншама әскері бар. Оның 14 мыңы Ауғанстанның түрлі ауданындағы қауіпсіздікті қорғайтын 36 мыңдық НАТО күштерінің құрамына кірсе, қалғаны – терроризмге қарсы арнайы операцияларды жүргізеді және Ауғанстанның қауіпсіздік күштерін жаттықтырумен шұғылданады.
XS
SM
MD
LG