Accessibility links

В.Путин мен Н.Назарбаев және Г.Бердімұхамедов “газ альянсын” құруы мүмкін


АСТАНА: Бүгін Ресей президенті В.Путин Астанада Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен келіссөз өткізеді. Оның барысында Сібір өңірінде Ресей мен Қазақстанның уран шикізатын байытатын бірлескен орталығын ашу туралы келісімге қол қою көзделіп отыр. Осы бірлескен орталық ядролық отынды бейбіт мақсатта пайдалануды мақсат еткен Иран сияқты басқа елдерге де қызмет көрсете алады. Астанадан кейін Ресей мен Қазақстан президенттері Ашахабадқа бірге аттанып, табиғи газды тасымалдау мәселесі бойынша Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен 3 жақты келіссөз жүргізеді.
XS
SM
MD
LG