Accessibility links

Дәрігерлерді аттестациядан өткізу үшін қайтадан сұрақтар әзірленіп жатыр екен

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновойдың айтуынша, дәрігер мамандарды аттестациядан өткізу үшін министрлікте жаңа тест сұрақтары әзірленіп жатыр. Тест сұрақтарын қайта өңдеуден өткізуге Парламент депутаттарының пікірлері мен дәрігер мамандардың наразылықтары себеп болған. Өйткені Қазақстан бойынша дәрігер мамандарды қайта аттестациялаудан өткізген кезде 50 пайыздан жоғары бас дәрігерлер тест сұрақтарынан сүрініп, жұмыстарынан кетуге мәжбүр болған.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысында қан құю салдарынан қан құйғызған нәрестелердің жаппай вич-инфекциясы індетіне шалдығуына байланысты Қазақстан Үкіметі елдегі барлық дәрігер мамандарды қайта аттестациядан өткізу туралы қаулы қабылдаған болатын. Қаулыға сәйкес, денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой «халықаралық эксперттердің көмегімен тест сұрақтарын әзірледік. Тесті облыстық денсаулық сақтау департаменттері жүргізді», – дейді.

Алайда Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың сөздеріне қарағанда тестілеудің нәтижесінде аймақтардағы білікті мамандардың тең жартысы қызметтерінен босап қалған:

– Шын мәнінде басшылар бірақ адамдарды орнынан босатқан екен. Әсіресе мынау, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкентте. Төменгі көрсеткіштер Оңтүстік Қазақстан облысында, Маңғыстау, Атырау облыстарында 90 пайызға жуық бас дәрігерлер тестің сұрақтарына дұрыс жауап бермеген.

Ерасыл Әбілқасымов денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді аттестациялаудан өткізгенде екі басты мәселені ескермеген дейді. Оның біріншісі:

– Кейбіреулер бұрын компьютер көрмеген. Әрине дұрыс компьютер білмегеннен кейін уақытысында дұрыс жауап бере алмаған.Екіншіден, тест сұрақтары өте қиын, түкке керег жоқ сұрақтар.

Дәрігерлерді тестілеуден өткізу мәселесі бойынша денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой үстіміздегі жылдың маусым айының аяғында жаңадан тест сұрақтары әзір болады дейді. Ол министрліктің сайтында жария болады екен. Тест сұрақтарымен танысып, күдік орын алса, министрлікке хат жазуға болады дейді Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой.

Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымовтың тестен өте алмай қалған дәрігерлерді жұмыстан босатып жатыр дегенмен келіспейді. Олар тәртіп бойынша алты айдан кейін қайта дайындықтан өтіп, тест тапсыруға тиісті дейді.

Дәрігерлерді тестен өткізуге себепкер болған Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдай бойынша, Мәжіліс депутаты Тоқтар Әубәкіров Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментін басқарған Нұрсұлу Тасмағамбетова және сол іске қатысы бар дәрігерлерді мамандығы бойынша ешқандай жерге жұмысқа алмау жөнінде шешім шығару керек дейді.

Жоғарыдағы мәселеге Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой соттың шешімін күту керек деп қысқа жауап берді.

Министр мырза Оңтүстік Қазақстан облысындағы 150 ден астам бас дәрігер маман шетелдерде біліктіліктерін арттыруға оқуға жіберілгенін айтады. Ал 400-дей маман Қазақстан ішінде жетілдіру оқуларынан өткіп жатыр екен.

Алайда Шыменттегі жағдайға байланысты жоғары лауазым атқарған адамдардың жауапқа тартылады дегенінен мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов күмәнмен қарайды.

- Естуімше, Тасмағамбетова сол сотқа өзі емес, адвокатын жіберген. Өзі Шымкентте емес, Алматыда тұрады екен, - деді депутат Әбілқасымов.
XS
SM
MD
LG