Accessibility links

Қазақстанның Жоғарғы соты Алматы облысындағы Кришнайттер қауымдастығының жерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде шешім шығарды

  • Данабек ЖАЛМЫРЗА

Кришнайттер қауымдастығының өкілдері мұны «діни азшылыққа көрсетілген қысым, және көптен дәріптеліп жүрген Қазақстандағы толеранттық, діни, ұлтаралық төзімділкке жат көрініс» деп бағалап, «әлі де болса билік бейбіт жолмен тығырықтан шығар жол табар» деген үміттері барлығын айтады. Ал Жоғарғы сот баспасөз қызметі «сот үкімі бес күн аралығында жариялануы керек, сондықтан әзірге еш түсініктеме бере алмаймыз» деп отыр.

Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан «Кришна санасы» діни қауымдастығына осы Жоғарғы сот, 2005 жылдың шілде айындағы қаулысымен 47 гектардан астам жерді тиісті тіркеуден өткізген соң жеке меншікке пайдалануға болады деген шешім шығарған.

Қазақстандағы «Кришна санасы» қауымдастығының баспасөз хатшысы Максим Варфоломеевтың айтуынша, Жоғарғы сот шешімі діни қауымдастықты бұдан былай баспанасыз қалдырып отыр.

«Нақтысын айтқанда 8 мамырдан бастап біздің қауымдастықтың жері - ауыл шаруашылық жерлеріміз бен сиынатын ғибадатханаларымыз жоқ деуге болады. Кез-келген уақытта сот атқарушылары келіп біздедің үйлерімізді былтырғыдай қирата алады. Былтыр олар біздердің 13 үйімізді бұзған, енді тағы соншама үйлеріміз бен сиынатын ғибадатханамыз ғана бар еді , сот атқарушылары енді соларды қиратуға рұқсат алып отырғанға ұқсайды. Жергілікті әкімшіліктің бізге тағып отырған айыптары «жерді құжатта көрсетілген «шаруа қожалығы» бағытында пайдаланбай, басқа жеке мақсатта пайдаланып отырсыздар және құжатты тіркеуге бергенде кейбір тұстарын қолдан өзгерткенсіздер», - дейді ол.

Ал ол құжаттардағы өзгертулерге біздің еш қатысымыз жоқ, жерді де тікелей жеке ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланып отырмыз» дейді кришнайт Максим. Бір айта кетерлігі, жоғарыдағы бұзылған үйлер үшін билік ешқандай өтемақы бермеген.

1999 жылы ресми тіркеуден өтіп, Қарасай ауданында орналасқан «Кришна санасы» діни қауымдастығына Жоғарғы сот, 2005 жылдың шілде айындағы қаулысымен 47 гектардан астам жерді тиісті тіркеуден өткізген соң жеке меншікке пайдалануға болады деген шешім шығарып берген болатын. Бірақ, діни қауымдастық бұл жерлерді аудан әкімшілігінен тіркеуден өткізе алмай әуре сарсаңға түсіп, ақыры осындай үлкен дауға айналып отыр. Біз Жоғарғы сот баспасөз қызметінен, «қабылданған шешімді Жоғарғы сот немен негіздеп отыр?» деп сұраған едік, естіген жауабымыз былай болды.

«Сот үкіміне әлі судьялар толық қол қоймағаны себепті қаулы дайын болмай тұр. Үкім бес күнде жариялануы керек қой. Сондықтан, шамамен дүйсенбі күні дайын болады. Сол күні шыққан соң, біздер барлық информацияны сіздерге дайындап жібереміз», - деді Жоғарғы сот баспасөз хатшысы есімді Арман.

- Кришнайттерге деген «шабуыл» кейде жергілікті ақпарат көздерінде де көрініс беріп қалады, онда кейбір аудандық ішкі саясат департамент қызметкерлері «Кришнайттер» қазақтарды өз діндеріне тартып, байырға ата-баба дінінен айыруда, бұл діндегілерді сонау Үндістанның өзінде қудалайды деген сияқты ойларын ашық айтып жатады, - дейді Кришнайттердің баспасөз хатшысы Максим.

Біздің жолды таңдағандар Алматының өзінде, ары кетсе, 500 адам, ал барлық Қазақстанда 1000-ға тарта кришнайттер бар. Сан жағынан алғанда олар теңіздегі тамшы сияқты, түк те емес. Ал басқа ұлт өкілдерін есептемегенде қазақтар көп болса 30 пайыз болатын шығар. Біздерді қудалаудың астарында әрине тек шаруашылық дау жатқан жоқ, одан да күрделі. Бірақ бұл жерде билік тарапынан нағыз діни азшылықты қудалау орын алып отыр. Бұл Қазақстанда көптен дәріптеліп жүрген ұлтаралық татулық, діни төзімділік туралы идеяларға нұқсан келтірерлік жағдай дейді Максим.

Алматыдағы Хелсинкий комитетінің төрайымы Нинель Фокина бұл даудың астарында «үлкен қаржының мүддесі жатыр» дейді.

- Бұл даудың себебі мынау Алатаудың Қарасай ауданы мен Талған ауданындағы шұрайлы бөктері баяғыдан күзірлі күштердің көз құрты болғандығында. Тікелей мақсатта пайдаланбай отырсыздар деген айыбына олар еш негіз келтіре алмайды. Ол жерлерде Кришнайттер зауыт салып па? Не жылқы бордақылаумен айналысып па? Дәл солай болған күнде, биліктің жасалған ескертулері қайда? Құжаттары қайда? Бәрі бос сөз. Оларға жер керек. Олар Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалыққа талпынысына, не болмаса халықаралық беделіне нұқсан келеді-ау деп ойлап та жатқан жоқ. Бұл жерде орасан зор қаржылық мүдделіктер тоғысуда, - дейді Фокина ханым.

Ал Кришнайттер болса «біз осы мәселені бейбіт жолмен шешуге уәде берген биліктің сөзіне сеніп, Алматы қаласынан ғибадатханалық жер сұрағанбыз. Қазір біздің өтінішіміз жер комитетінде жатыр. Бірақ жер комитеті жерді таңдауды біздің өзімізге жүктеп отыр. Демек алда қандай жер таңдамасақ та олар «бұл жер мынадай себептермен берілуге келмейді деп талай уақытты жер таңдау сергелдеңімен өткізуге мәжбүрлеп отыр» дейді.
XS
SM
MD
LG