Accessibility links

АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынас қиын-қыстау кезеңді бастан кешуде


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Америка мен Ресейдің қарым-қатынасы қиын кезеңді бастан кешіп жатқанын мойындап, бүкіл биліктің Кремльге шоғырлануына ресми Вашингтонның алаңдап отырғанын жасырмады. Мұндай пікірін Райс ханым Мәскеуге сапарының алдында Сенатта өткен тыңдаудың барысында білдірді. Мәскеуге ол жексенбі күні аттанады. Мемлекеттің хатшының айтуынша, Кремльдің соңғы жылдардағы ішкі саясатын Еуропа мен АҚШ алаңдаушылықпен бақылап отыр. Сонымен бірге К.Райс Иран мен Солтүстік Кореяға қатысты мәселелер бойынша АҚШ пен Ресей ынтымақтастығының жемісті болғанын атап өтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG