Accessibility links

В.Ющенко кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді қауіпсіздік кеңесінде шешуі мүмкін


КИЕВ: Украина президенті В.Ющенко кезектен тыс парламент сайлауын өткізудің күні мәселесін Ұлттық қауіпсіздік Кеңесіне шығаруы мүмкін екенін ескертті. Президент парламент сайлауын өткізудің нақты мерзімін анықтау үшін құрылған арнаулы жұмыс тобымен кездесіп, ол мәселені талдауды жеделдетуге шақырып, оны қасақана созып жатыр деп мәлімдеді. Оның алдында В.Ющенко мен премьер-министр В.Янукович кезектен тыс парламент сайлауын өткізу жөнінде уағдаласқан болатын, бірақ оның нақты күні туралы келісе алмады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG