Accessibility links

Оңтүстік-шығыс Еуропа мен Еуроодақ және НАТО арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі талқыланады


ЗАГРЕБ: Еуроодақтың лидерлері мен АҚШ-тың аға дипломаты Оңтүстік-шығыс Еуропа елдері басшыларының бүгін Хорватия астанасы – Загребте өтетін кездесуіне қатысуға тиіс. Еуропа Комиссиясының төрағасы Жозе Мануэль Баррозу, қазір Еуроодаққа төрағалық ететін Германия канцлері А.Меркель және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс – Албания, Босния мен Герцоговина, Болгария, Хорватия, Грекия, Македония, Молдова, Румыния, Сербия жәнен Түркия басшыларының бас қосуына барады. Бұл кездесудің мақсаты – Оңтүстік-шығыс Еуропа елдері мен Еуроодақ және НАТО арасындағы ынтымақтастықты кеңейту болып отыр.
XS
SM
MD
LG