Accessibility links

Косовоға тәуелсіздік беру жоспарына Ресейдің не қарсы шығатыны, не қалыс қалатыны белгісіз


НЬЮ-ЙОРК: Бүгін Еуропа Одағы елдері мен АҚШ БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне Сербияның Косово өлкесіне тәуелсіздік беру жөніндегі Қарардың жобасын ұсынуға тиіс. АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі Залмай Халилзад Косовоға халықаралық қоғамның бақылауымен тәуелсіздік беру ұсынысын Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 15 елдің көпшілігі қолдайды деп есептейтінін мәлімдеді. Бірақ Ресей ол Қарарға вето қоя ма әлде дауыс бермей қалыс қала ма, оны АҚШ елшісі айта алмады. Өз кезегінде ресми Мәскеу Сербия өкілдері мен Косово халқының көпшілігін құрайтын албандардың арасындағы келіссөздің жалғасуын талап етіп келеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG