Accessibility links

Ресейде журналистер тұтқындалды


Ресейдің Самара қаласындағы полиция бір топ ресейлік журналистерді қамауға алды. Полиция қызметкерлері “Коммерсант” газеті мен “Рен-ТВ” телеарнасының журналистерін тексеру барысында ұстағандарын хабарлады. Әлгі журналистер мамырдың 18-не жоспарланған оппозициялық шерулердің дайындық жұмыстары жөнінде хабар таратқан. Ресей мен Еуропа ресмилерінің саммиті күніне жоспарланып отырған Наразылар шеруіне билік рұқсат бермеген. Өткен айда полиция Мәскеу мен Санкт-Петерборда шеруге жиналған оппозициялық белсенділерді тарқатып, 200-ден аса адамды қамауға алған болатын.
XS
SM
MD
LG