Accessibility links

Сербияда жаңа үкімет құрылатын болды


Сербияда батысшыл үкіметтің құрылатындығы жөніндегі хабарды Еуропа Комиссиясы жылы қабылдады. Сербия мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, елдегі демократиялық бағыттағы партиялар радикалды ұлтшылдардың билікке қайта оралуына жол бермей, жаңа үкімет құруға келіскен. Еуроодақтың кеңею жөніндегі комиссары Олли Рен болашақта Белград пен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастардың жақынырақ болу мәселесін алға тартты.
XS
SM
MD
LG