Accessibility links

Еуроодақ-Ресей басқосуында жаңа әріптестік келісімі туралы келіссөз болмайды


Мамырдың 18-де Самарада өтетін Еуроодақ-Ресей саммитінде жаңа стратегиялық әріптестік келісімі жөнінде келіссөз болмайды. Бұл туралы Еуроодақ ресмилері хабарлады. Еуропа Комиссиясының баспасөз-хатшысының айтуынша, Ресей Польша етіне салынған тиым сол күйінде қалады деген, сондықтан Варшава ол келіссөзге вето қойған. Еуроодақ ресмилері “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Мәскеудің өзі де жаңа келісімге қызығушылық танытпай отырған сияқты деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG