Accessibility links

Германия Өзбекстанға қарсы санкцияларды жеңілдету жағында


«Азаттық» радиосының Брюсселдегі тілшісінің хабарлауынша, Европа одағының елшілері Өзбекстанға салынған шектеулердің болашағы жайында ортақ бір мәмлеге келе алмай, тығырыққа тірелген. 2005 жылы Әндіжанда орын алған қанды қырғыннан кейін Өзбекстанға шектеулер енгізілген болатын. Евродақтың қазіргі президенті Германия өзбек ресмилеріне виза тұрғысында салынған шектеуді 12-ден сегізге қысқартуды ұсынған. Германия Өзбек билігі адам хұқтары турасында Одақпен диалог өткізуге келісті дейді.
XS
SM
MD
LG