Accessibility links

Ресей, Түркіменстан, Қазақстан президенттері Каспий құбыры туралы келісті


Ресей мен Түркіменстан және Қазақстан президенттері Каспий теңізі бойында табиғи газ тасымалдайтын құбыр салуға келісті. Бұл келісімге бүгін үшжақты келіссөз барысында қол қойылды. Түркіменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов “жаңа газ құбыры жөніндегі жобаның барлық жақтарға пайда әкелетіні анық” деп атап көрсетті. Түркіменбаши қаласында өткен басқосуға Ресей президенті Владимир Путин, Түркіменстан президенті Бердымұхаммедов және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Жаңа құбыр арқылы табиғи газ Түркіменстаннан Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға тасымалданатын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG