Accessibility links

Ауғанстан парламенті Сыртқы істер министрін отставкаға жіберді


Бірақ президент Хамид Қарзай министр Спанта Жоғарғы соттың шешіміне дейін өз қызметін атқара береді деді. Парламент Ирандағы ауған босқындарын қудалауды тоқтата алмағаны үшін сыртқы істер министрін орнынан алуға дауыс берді. Сөйтіп, парламенттің төменгі палатасының жасырын дауыс беруінің нәтижесінде Рангин Дадфар Спанта қызметінен айрылды. Соңғы айдың өзінде Иран 50 мыңдай ауған босқынын елден шығарып жіберді. Ауғанстан босқындарды әзір орналастыра алмайтынын алға тартып, Иранды босқындарды қайтаруды тоқтата тұруға шақырған болатын. Парламент Спантадан бұрын босқындар ісі министрін де орнынан алуға дауыс берген болатын.
XS
SM
MD
LG