Accessibility links

Қазақстан, Ресей және Түркменстан басшылары Каспиий құбыры турасында үшжақты келісімге келді


Түркменбашы қаласында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Түркменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің қатысуымен өткен жоғары дәрежелі басқосуда түркменнің табиғи газын Қазақстан мен Ресей арқылы Европаға тасымалдайтын газ құбырының құрылысы жүргізу турасында декларацияға қол қойылды. Ресей президенті В.Путин бұл уағдаластықты Мәскеудің жеңісі ретінде қарайтынын жасырмады. Бұның өзі АҚШ пен Европаның, Қытайдың түркмен газына тікелей жету үміттеріне су құйғандай болды. Ресей мен Түркмен жетекшілері Ашхабадта жұма күні келіссөздер жүргізген болатын.
XS
SM
MD
LG