Accessibility links

Ирақтағы экстремистік топ 3 АҚШ жауынгерін тұтқында ұстап отыр


БАҒДАД: “Әл-Қаида” ұйымының Ирақтағы қанаты 3 АҚШ жауынгерін іздестіру шарасын тоқтатуды талап ету үстінде. АҚШ жауынгерлері – сенбі күні Ирақтың Әл-Махмудия қаласында тұтқынға түсіп, оның барысында тағы 4 АҚШ жауынгері мен Ирақ тілмәші қаза тапқан болатын. Интернетке шыққан мәлімдемесінде өзін “Ирақ ислам мемлекеті” деп атайтын әлгі ұйым 3 АҚШ жауынгерін тұтқында ұстап отырғанын жариялап, олардың тағдыры Вашингтонның іздеу шарасын тоқтатуына байланысты екенін ескертті. Оларды іздеуге АҚШ 4 мыңнан астам жауынгерін жұмылдырып отыр. Іздеу шарасы олар табылғанша жалғаспақшы.
XS
SM
MD
LG