Accessibility links

Ресей мен АҚШ-тың арасындағы салқын қарым-қатынас “қырғиқабақ соғысы” емес


МӘСКЕУ: Жұмыс сапарымен Мәскеуде жүрген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Ресейдің 1-інші вице-премьері С.Ивановпен келіссөз өткізді. Жабық өткен келіссөздің барысында нендей мәселенің сөз болғаны беймәлім. Мәскеуге келе жатып өзіне ерген журналистерге Райс ханым Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасын “оңай емес” деп бағалап, бірақ “оны қырғиқабақ соғысы деп атауға мүлде болмайды”, -деп мәлімдеді. Соңғы кезде Ақ үй мен Кремльдің арасы айтарлықтай суып кетті. Мәскеуге сапары барысында Райс ханым Ресей президентімен және басқа да ресми өкілдермен кездесуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG