Accessibility links

Брюссель Ташкентке қарсы қолданған жазасын тағы жарты жылға ұзартты


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы Өзбекстанға қарсы бағытталған жазасының мерзімін тағы 6 айға ұзартты. Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Брюссельдегі мәжілісінен кейін “Өзбекстандағы адам құқының мүшкіл халіне алаңдаушылық білдірген” декларациясын жариялады. Ресми Брюссель Ташкентке қарсы мұндай жазасын “Әндіжан қантөгісінен” кейін қабылдаған болатын. Адамның құқын қорғайтын ұйымдардың есебі бойынша, 2005-інші жылдың 13-інші мамырындағы халық толқуын аяусыз басып-жаншу кезінде 700-дей адам қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG